03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакинаның жеке бапкері ауысты

2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина бапкер Давиде Сангинеттимен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайлы Рыбакина Абу-Дабидегі пресс-конференция кезінде мәлімдеді.

Бұған дейін Сангвинетти Динара Сафинамен бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ, Винсент Спайд, Го Соэда, Райан Харрисон, Ву Ди, Брэндон Накашима, Майкл Венус және Джон Пирсті баптаған.

Еске салайық, WTA Еленаның бұрыңғы бапкері Стефано Вуковты тергеп жатыр. Хорватиялық маман зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп отыр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!