10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде британиялық Бултерді сенімді жеңді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші айналымында сенімді жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 38-ші орын алатын Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті. Матч Рыбакинаның пайдасына 6:0, 7:5 есебімен аяқталды.

Турнирдің бастапқы кездесуінде Елена Рыбакина нидерландтық Сюзан Ламенсті — 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Беделді америкалық турнирдің жүлде қоры 8,96 миллион долларды құрайды, жеңімпаз 1,12 миллион доллар сыйақы мен мың рейтингтік ұпай алады.