05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина Фритцпен жұптасып АҚШ-тағы қайырымдылық турнирін жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен америкалық Тейлор Фритц АҚШ-та өткен «Эйзенхауэр Кубогы» көрсетілім турнирінде жеңіске жетті. Олар шешуші матчта жергілікті теннисшілер Мэдисон Киз бен Томми Полдан тұратын жұпты 10:4 есебімен жеңді.

Рыбакина жеңісінен алған әсерімен бөлісіп:

«Бұл шынымен де ерекше сәт, мен мұнда ойнау мүмкіндігіне қуаныштымын. Әрине серіктесіме және көруге келген барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Бұл керемет оқиға, жеңімпаз болғаныма өте қуаныштымын», — деп атап өтті.

Фритц болса:

«Бұл керемет. Мен әрдайым осы турнирді жеңу үшін келемін. Еленамен ойнау өте қызықты болды, ол керемет ойын көрсетті. Осы аптаны үйде бастау тамаша», — деді.