14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина Доха турнирінің ширек финалында Швентекке жол берді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы (Катар) WTA турниріндегі өнерін аяқтады.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық спортшы әлемдік рейтингтің екінші орнын иеленіп отырған поляк теннисшісі Ига Швентекпен кездесті. Жекпе-жек поляк спортшысының жеңісімен аяқталды: кездесу есебі — 2:6, 5:7.

1/4 финалға шыққаны үшін Рыбакина 83 470 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды сондай-ақ рейтингтік қоржынын 215 ұпайға толықтырды.

Айта кетерлігі бір жыл бұрын (2024 жылдың ақпанында) Елена Рыбакина дәл осы турнирдің финалында Швентекпен кездескен — сол кезде матч ұқсас нәтижемен аяқталған: 6:7; 2:6. Доха турнирінің биылғы жеңімпазы елеулі жүлде қорын — 597 000 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай алады.