Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогында колумбиялық қарсыласын жеңді

Брисбенде өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 684-орында тұрған Колумбия өкілі Юлиана Лизаразоны сенімді түрде жеңді.

Кездесу бір сағатқа жетпей аяқталып, қазақстандық теннисшінің айқын жеңісімен — 6:1, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына Колумбия командасымен қарсыластықта екінші ұпай әкелді.

Алғашқы матчта әлемнің 23-ші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 804-орында тұрған Валентина Медиорреаль Ариасты 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, мүмкіндік қалдырмады. Бұл нәтижелер Қазақстан құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.

Соңғы жұптық кездесуде Жібек Құламбаева мен Анна Данилина колумбиялық жұп Мария Паулина Перес Гарсия мен Юлиана Лизаразоға қарсы ойнайды.