07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина – Бенчич матчы кезінде күтпеген жағдай орын алды

Абу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 5-орын) мен швейцариялық Белинда Бенчич (157-орын) арасындағы матчта күлкілі жағдай болды.

Екінші сет барысында Бенчич подачаға дайындалып жатқанда, кенеттен оның ұялы телефоны шырылдап қоя берді. Швейцариялық спортшы құрылғыны өшіру үшін дереу сөмкесіне қарай жүгіріп, матч аз уақытқа тоқтатылды.

Қазақстандық теннис жанкүйерлері үшін өкінішке орай, кездесу 6:3, 3:6, 4:6 есебімен Бенчичтің жеңісімен аяқталды. Осылайша, өткен жылғы турнир чемпионы Рыбакина өз титулын қорғау мүмкіндігінен айырылды.