Оқу уақыты: 1 мин

Рубен Аморим даулы жеңіс туралы пікір білдірді

Рубен Аморим даулы жеңіс туралы пікір білдірді

BBC мәліметі бойынша «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим Англия Кубогының 4-ші кезеңіндегі «Лестерге» қарсы өткен матчтың даулы эпизодына қатысты пікір білдірді.

Кездесуде шешуші голды Харри Магуайр 93-ші минутта соқты, алайда бұл сәт көп сұрақ тудырды. Турнирдің осы кезеңінде ВАР жүйесі қолданылмайтындықтан, төрешілер офсайдты анықтай алмады.

«ВАР болғанда гол саналмас еді. ВАР-дың маңыздылығы осындай сәттерде көрінеді. Қарсыластың осындай жағдайда жеңілгені қиын, бірақ бізге сәттілік серік болды», — деді Аморим.

Матчтың бас төрешісі Майкл Солсбери голды есептеп, ойын жалғасқанымен, бұл шешім «Лестер» ойыншылары мен жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Команда жеңіліске қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсетті, бірақ даулы жағдай олардың турнирден шығуына себеп болды.