Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Роналдиньо: «Мбаппе «Реалда» маңызды жетістіктерге қол жеткізе алады»

Championat.com хабарлағандай, «Алтын доп» иегері Роналдиньо француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің алдағы жазда «Реал Мадридке» ауысуына қатысты пікір білдірді.

«Мбаппе — маған ұнайтын қазіргі заманғы ойыншылардың бірі. Мен оның алаң сыртындағы әрекеттеріне де тәнті болдым. Ол керемет дос. «ПСЖ-дан» кеткеннен кейінгі жолымыз ұқсас — айырмашылық тек клубта. Килиан «Реалда» дамуын жалғастырып, қазір жетіспейтін маңызды жетістіктерге қол жеткізе алады», — деді Роналдиньо.

Мбаппе жазғы трансфер терезесінде «Пари Сен-Жерменнен» «Реалға» еркін агент ретінде қосылады деп күтілуде. Келісімшарт 2029 жылға дейін жасалмақ.

Қазіргі таңда Мбаппенің нарықтық құны – 160 миллион еуро. Оның болашақ клубы — «Реал Мадрид», 30 турдан кейін 63 ұпаймен Ла Лигада екінші орында тұр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!