20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Riyadh Masters 2025» турнирінің жүлде қоры қысқарды

Танымал киберспорт комментаторы Дария «Eiritel» Морозова «Dota 2» бойынша өтетін «Riyadh Masters 2025» турнирінің егжей-тегжейін талқылады. Биыл жарыстың жүлде қоры 3 миллион долларды құрайды.

«Жүлде қорының азаюы түсінікті – «Riyadh Masters» тек «The International»-мен бәсекелеседі. Егер онда көп ақша берілмесе, Риядтың ұйымдастырушылары да артық шығындалмайды», — деп жазды Морозова өзінің Telegram-арнасында.

Esports World Cup ұйымдастырушылары жарыстың 7-20 шілде аралығында Эр-Риядта өтетінін жариялады. Қазіргі чемпион – «Gaimin Gladiators». Сонымен қатар, Морозова жарыста классикалық турнир кестесін қолдану туралы шешімді оң бағалады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!