12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ресей құрамасындағы қазақ қызы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңді

Ресей құрамасы сапында өнер көрсететін Салтанат Меденова Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында сәтті бастады.

81 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында этникалық қазақ — Француз Полинезиясының өкілі Вероити Долли Ненамен кездесті. Жекпе-жек бір жарым минутқа созылып, ресейлік спортшының техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Турнирдің келесі кезеңінде Меденова — жартылай финалға шығу үшін румыниялық спортшы Мария Георгита Чимперумен күш сынасады.