14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Реал Мадридтің» қорғаушысы Ферлан Менди жарақат алды

Мадридтің «Реал» клубы ресми сайтында қорғаушы Ферлан Мендидің жарақат алғанын хабарлады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикоға» қарсы өткен матчтан кейін (0:1, пенальти 4:2) ойыншы медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлер оның сол аяғының тізе асты сіңірінің бұлшықеті жарақаттанғанын анықтады.

Журналист Аранчи Родригеске сүйенсек, Менди шамамен бір айға алаңнан тыс қалуы мүмкін. Ағымдағы маусымда ол «Реалдың» негізгі ойыншыларының бірі болды — барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

28 жастағы футболшының клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды. Оның трансферлік құны – 22 миллион еуро.