Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Физиев пен Джастин Гэтжи жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Рафаэль Физиев пен Джастин Гэтжи жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық файтер, бірақ Әзірбайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев америкалық Джастин Гэтжи жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеуден сәтті өтті.

Жеңіл салмақ дәрежесінде Физиев таразыда 70,76 келі көрсетіп, дивизионның талаптарына сай болды.

Жекпе-жек 9 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC 313 турнирінің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Физиевтің соңғы жекпе-жегінде Матеуш Гамротқа жарақатына байланысты жеңіліп қалса, Гэтжи өзінің соңғы кездесуінде Макс Холлоуэйден нокаутпен ұтылған болатын.