20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Raddan: «Abaddon – қазір ең мықты кейіпкер»

«Team Spirit» ойыншысы Илья «Raddan» Мулярчук «Dota 2»-нің қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Ол Twitch эфирінде «Abaddon»-ды 7.38b патчындағы ең күшті кейіпкер деп атады.

«Ештеңені білмесең де, «Abaddon»-ды таңдап, ойынды оңай жеңе аласың. Қазір «Dota 2»-де бұдан мықты кейіпкер жоқ. Кез келген желіде басымдыққа ие болып, ойынға үлкен әсер ете аласың», — деді «Raddan».

«Dotabuff» статистикасы да бұл сөзді растайды. Соңғы жеті күнде «Abaddon» 5,41% таңдау жиілігімен 55,02% жеңіс пайызын көрсетіп, көш бастап тұр. Одан кейінгі орында:

  • «Lifestealer» — екінші орын
  • «Dazzle» — үшінші орын

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!