19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Power Slap-қа қатысатын алғашқы Қазақстандық

«UFC» президенті Дана Уайттың «Power Slap» промоушенінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық — семейлік ауыр салмақтағы Закир Найманбаев.

Ол екі ай бұрын өткен дебюттік жекпе-жегінде даниялық Троэль Нильсенді нокаутқа түсіріп, 10 000 доллар бонус алды.

«Келесі турнир мамыр айында өтеді. Құдай қаласа, сонда өнер көрсетемін. Ол Катарда немесе Америкада болады, әзірге нақты білмеймін», — деді Найманбаев.

Табысты дебюттен кейін ол рейтингте алтыншы орынға көтерілді, бұл кейбір қарсыластарының наразылығын тудырды. Алайда жекпе-жекке шақырғандардың көбі кейін өз сөздерінен бас тартты.

Спортшының айтуынша, «Power Slap» турнирлері жоғары деңгейде ұйымдастырылады — қатысушыларға бизнес-класспен ұшу, беделді қонақ үйлерде тұру, медициналық қызмет және аудармашы беріледі.