28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Попко Мексикадағы турнирде топ-20 экс-теннисшісін жеңді

SPORT+ мәліметінше, қазақстандық теннис өкілі Дмитрий Попко Мексикада өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің ширек финалына өтті.

Келесі кезеңге шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы француз теннисшісі Адриан Маннариномен — жекелей сында бес ATP титулының иегері және әлемдік рейтингтің бұрынғы топ-20 ойыншысымен кездесті.

Қарсыластық Попконың сенімді жеңісімен аяқталды — кездесу есебі 6:2, 6:3 құрады. Ширек финалда қазақстандық спортшы турнирдің төртінші нөмірлі жүйелі ойыншысы — аргентиналық теннисші Тиаго Тирантемен күш сынасады.