24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Погачар БАӘ-дегі көпкүндікті жеңіспен аяқтады, ««Астана» велошабандозы үздік ондыққа енді

БАӘ-де беделді «БАӘ Туры-2025» көпкүндік велошабысы мәресіне жетті. Словениялық шабандоз Тадей Погачар (UAE Team Emirates-XRG) соңғы кезеңде сенімді жеңіске жетті.

176 шақырымдық қашықтықта («Хазза бин Зайед» стадионынан Джабаль-Хафитке дейін) екінші орынды Lidl-Trek командасының өкілі, италиялық Джулио Чикконе 33 секунд айырмашылықпен иеленді. Үздік үштікті Bahrain Victorious командасының испандық велошабандозы Пельо Бильбао (+35 сек) түйіндеді. «Астана» сапынан ең үздік нәтижені колумбиялық Харольд Техада көрсетіп, 11-ші орынға тұрақтады.

Жалпы есеп қорытындысы:

1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates-XRG) — 23:08:42
2. Джулио Чикконе (Lidl-Trek) — (+1:14)
3. Пельо Бильбао (Bahrain Victorious) — (+1:19)
9. Харольд Техада (Астана)

«Астана» командасы үшін бұл турдағы ең жоғары нәтиже Харольд Техаданың 9-шы орны болды.