14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

PGL Wallachia турнирінде күтпеген жағдай болды

Dota 2 бойынша «PGL Wallachia Season 3» турнирінде «Aurora Gaming» мен «Team Tidebound» арасындағы ойында ерекше жағдай орын алды.

Бірінші картаның 34-минутында, күн мен түн ауысқан сәтте, Рошан өзінің үңгірін ауыстыру механикасын іске қосты. Осы кезде «Team Tidebound» Рошанды өлтіруге тырысып жатқан еді, бірақ күтпеген жағдай болды — олардың «Terrorblade» кейіпкері үңгірден тыс жерге лақтырылып кетті.

Бұл мүмкіндікті «Aurora Gaming» командасының ойыншысы, «Leshrac» кейіпкерімен ойнаған Артем Lorenof Мельник пайдаланып, бос қалған Аегисті алып үлгерді. Алайда бұл артықшылық «Mira» командасына келесі шайқаста жеңіске жетуге көмектесе алмады.

Мұндай механика Dota 2-нің 7.38 жаңартуы кезінде енгізілген. Бұл патчта әзірлеушілер Рошанның үңгірлерін орталық өзенге ауыстырды:

  • Күндіз – Рошан төменгі үңгірде орналасады
  • Түнде – жоғарғы үңгірге ауысады
  • Орын ауыстыру кезінде Рошан жанындағы барлық кейіпкерлерді итеріп, есеңгіретеді

Осы механизмнің әсерінен ойын барысында күтпеген жағдай орын алды.