17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Паула Бадоса Берлиндегі турнирде неміс теннисшісін сенімді жеңді

Паула Бадоса Берлиндегі турнирде неміс теннисшісін сенімді жеңді

Әлемнің оныншы ракеткасы Паула Бадоса Берлиндегі WTA-500 турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Испаниялық теннисші бастапқы матчта — рейтингтің 62-ші жолын иеленген Германия өкілі Ева Листі 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңді.

Бір сағаттық кездесу статистикасы Бадосаның айқын басымдылығын көрсетті — ол сегіз эйс орындап, барлық бес брейк-пойнтты жүзеге асырды. Лис өз кезегінде бірде-бір эйс жасай алмады және екі мүмкіндіктің тек біреуін ғана пайдаланды.

Келесі айналымда испаниялық теннисшінің қарсыласы АҚШ өкілі Эмма Наварро болады.