Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Өзбекстан U-17 құрамасы Азия Кубогын жеңіп алды

Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы Азия Кубогы (U-17) финалында турнир қожайыны Сауд Арабиясын 2:0 есебімен жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Бірінші таймда өзбек командасы үшін ауыр сәт туды — Нұрбек Сәрсенбаев пен Миразиз Әбдікәрімов алаңнан қуылып, команда тоғыз ойыншымен қалды. Алайда сандық кемшілік өзбекстандықтардың рухын түсірген жоқ.

Екінші таймда Мұхаммад Хакимов 51-ші минутта пенальтиден есеп ашты, ал 70-минутта Садриддин Хасанов таразы басын түбегейлі өз елінің пайдасына ауыстырды.

Бұл Өзбекстанның U-17 құрамасы үшін Азия Кубогындағы екінші чемпиондық атағы. Жасөзбек футболшылары құрлықтың үздік командаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!