27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Овечкин тарихи рекордқа жақындады

«Вашингтон» капитаны Александр Овечкин НХЛ тарихындағы үздік сұрмерген атағына тағы бір қадам жақындады — ол тұрақты чемпионаттағы 889-шы голын соқты.

39 жастағы шабуылшы «Виннипегке» қарсы өткен матчтың 56-шы минутында есепті теңестіріп (2:2), ойынды овертаймға жеткізді. Дегенмен, «Кэпиталз» соңында 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

НХЛ тарихындағы үздік сұрмергендер:

  • Уэйн Гретцки — 894 гол (1487 матч)
  • Александр Овечкин — 889 гол (1481 матч)

Ағымдағы маусымда Овечкин 55 матчта 60 ұпай жинап, оның 36-сын гол ретінде тіркеді. Енді оған Гретцкидің рекордын жаңарту үшін 6 шайба жеткілікті.