Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Овечкин рекордтық голды бос қақпаға соғуды қаламайды — агенті қолдады

«Чемпионат» порталының хабарлауынша, Александр Овечкиннің агенті Глеб Чистяков өз клиентінің тарихи голға қатысты шешімін құптады. Ресейлік шабуылшы НХЛ-дегі 895-ші шайбасын — яғни Уэйн Гретцкидің рекордын жаңартатын голды — бос қақпаға соғуды қаламайтынын мәлімдеген болатын.

«Қаламайды – және дұрыс істейді. Онымен толықтай келісемін. Нағыз ойын барысындағы гол болуы керек», — деді Чистяков.

Айта кетейік, Овечкин қазір НХЛ тарихындағы ең үздік снайпер болуға бір ғана гол жетпей тұр. Ол Гретцкимен бір деңгейге жетіп, енді алға шығуға жақын. Алайда хоккейші бұл жетістікке «шын мәніндегі шайбамен» қол жеткізгісі келеді.