Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Овечкин НХЛ-дегі Гретцкидің рекордын жаңартты

Шабуылшы Александр Овечкин НХЛ-дің тұрақты чемпионатында жаңа гол рекордын орнатты.

«Вашингтон Кэпиталз» командасының 39 жастағы шабуылшысы «Нью-Йорк Айлендерс» қақпасына шайба соқты, бұл ресейлік ойыншының мансабындағы 895-ші голы болып, 1994 жылдан бері сақталып келген аңызға айналған Уэйн Гретцкидің рекордын жаңартты.

2005 жылдан бері астаналық клубта өнер көрсетіп келе жатқан Александр Овечкин ағымдағы маусымда да жоғары нәтиже көрсетуде. Оның еншісінде 42 гол мен 27 нәтижелі пас бар.