14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ордабасы» шабуылшысы КПЛ-2025 маусымындағы алғашқы қызыл қағазды алды

KazFootball.kz хабарлауынша, «Ордабасы» шабуылшысы Вячеслав Швырев Премьер-Лига-2025 маусымындағы алғашқы қызыл қағазды алған ойыншы атанды.

Оқиға матчтың 86-минутында болды. «Ордабасы» ойыншысы «Қайрат» футболшысы Еркін Таповқа шынтақпен соққы жасады. Алғашында бас төреші Данияр Сахи сары қағаз көрсеткенімен, VAR қарағаннан кейін оны қызылға ауыстырды.

Кездесу «Ордабасының» Алматыда ірі есеппен жеңілуімен аяқталды — «Қайрат» 4:0 есебімен жеңіске жетті.