18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ордабасы» капитанының жұбайы Шымкент әкімінің сынына жауап берді

«Ордабасы» капитаны және Қазақстан құрамасының ойыншысы Асхат Тағыбергеннің жұбайы Махаббат Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың және жанкүйерлердің сын пікірлеріне жауап берді.

Жұбайы ретінде мен Асхаттың футболға қосқан үлесі мен адал ойын қағидаттарына және толық берілгеніне мақтанамын. Мен ешкіммен дауласпаймын, бірақ әділетсіздік туралы үндемеу дұрыс емес. Мен әр жанкүйерді құрметтеймін, бірақ бір маусын бойынша бағалап, жақсы сәттерді ұмытпайық

Махаббат Instagram-дағы өз жазбасына күйеуінің алаңдағы жарқын сәттерінің бейнежинағын қоса жариялады.

Бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Тағыбергеннің ойын көрсеткішін жария түрде сынға алып, оның 20 миллион теңге жалақысын және клубтан кеткісі келмейтінін атап өткен болатын.