27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Оралбайлар Болгариядағы турнирді сәтті бастады

ASBC мәліметі бойынша қазақстандық боксшы Оралбайлар Болгария астанасында өтіп жатқан беделді халықаралық «Странджа Кубогы» турнирін сәтті бастады.

Нұрбек Оралбай 86 келі салмақта өнер көрсетіп жергілікті спортшы Мануэль Жечевпен кездесті, жекпе-жек үшінші раундта қазақстандықтың пайдасына техникалық нокаутпен аяқталды.

Оның бауыры — Азия чемпионы Айбек Оралбай пәкістандық өкілмен жекпе-жекті жылдам аяқтады, төреші Тахир Абдул Вахабпен кездесуді бірінші раундта-ақ тоқтатты.