Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Онананың қателіктері «Лионға» тең есеп әперді

Еуропа Лигасының алғашқы ширек финалдық матчында француздық «Лион» өз алаңында «Манчестер Юнайтедпен» 2:2 есебімен тең түсті.

Ағылшын клубының қақпашысы Андре Онана бұл кездесуде екі мәрте өрескел қателікке бой алдырды. Алғашқысы 25-минутта орын алды — айып добынан кейін доп қақпашының қолынан сытылып кетіп, торда тулады.

Матчтың шешуші сәті соңғы минуттарда тіркелді. Жорж Микаутадзе айып алаңының сыртынан қатты соққы жасады, ал Онана допты өзіне қарай қайтарып, оны Райан Шерки дер кезінде қақпаға бағыттады.

Айта кетерлігі, матч алдындағы сұхбатында Андре Онана қарсыласқа немқұрайлы қарағандай пікір білдірген еді: «Манчестер Юнайтед» «Лионнан» әлдеқайда күшті. Біз олардың кейбір ойыншыларын білеміз, бірақ оларға назар аударудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әңгіме көбінесе біз туралы», — деген болатын қақпашы.