Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Хавьер Клементе: «Реалдың» шабуылшылары қорғанысқа көмектеспейді»

«Relevo» мәліметінше, Испания құрамасының бұрынғы бас бапкері Хавьер Клементе Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реал Мадрид» пен «Арсенал» арасындағы алғашқы матч жайлы пікір білдірді.

Оның айтуынша, «Реалдың» шабуылшылары қорғаныста ойнауға үйретілмеген.

— Карло Анчелотти — ойыншыларын жақсы білетін тәжірибелі бапкер. Бірақ ол олардың әлсіз тұстарын ашық айтпайды. Винисиус, Мбаппе және Родригоның қорғанысқа көмектеспейтіні анық байқалды. Егер шабуылшылар артқа жұмыс істемесе, ешқандай жүйе нәтиже бермейді. Бұл алдымен жартылай қорғаушылардың, кейін қорғаушылардың әлсіреуіне алып келеді, — деді Клементе Radio Marca эфирінде.

Сонымен қатар, испан маманы бірінші матчтағы ірі жеңіліске қарамастан, «Реалдың» өз алаңындағы қарымта кездесуде сенімділік танытатынына сенетінін айтты.