08.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Оман туры: Улав Коэй алғашқы кезеңнің жеңімпазы атанды

Оман турының көпкүндік веложарысы басталды. Алғашқы кезеңде (177,7 км, Бушар – Биммах-Синк-Хоул) нидерландтық велошабандоз Улав Коэй (Visma) жеңіске жетті.

Picnic PostNL командасының чехиялық спортшысы Павел Битнер екінші орынды иеленсе, норвегиялық Эрленд Бликра (Uno-X) үздік үштікті қорытындылады.

Астана командасының нәтижелері:
• Макс Кантер (Германия) – 11-орын
• Диего Улисси (Италия) – 30-орын
• Антон Чармиг (Дания) – 42-орын
• Ваут Пулс (Нидерланды) – 43-орын
• Николя Винокуров (Қазақстан) – 62-орын
• Хенок Мулюбырхан (Эритрея) – 94-орын
• Давиде Тонеатти (Италия) – 116-орын (жеңімпаздан 3 минут 17 секундқа кеш келді)

Оман туры бірнеше кезеңнен тұрады. Жарыстың келесі күндері велошабандоздар таулы әрі күрделі маршруттарды еңсереді.