18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Олимпиада чемпионы Бетербиев — Бивол реваншы туралы пікір білдірді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ресейлік Артур Бетербиев пен Дмитрий Биволдың арасындағы әлем чемпионы атағы үшін өтетін реванш туралы өз пікірін білдірді. Елеусіновтің айтуынша, бірінші жекпе-жекте Бетербиев жеңіске жеткендіктен, ол қағаз жүзінде фаворит болып саналады, бірақ екінші кездесу тең өтуі мүмкін.

«Маған Бивол бірінші жекпе-жекте жеңген сияқты болып көрінді, бірақ төрешілер басқаша шешім қабылдады — олар рингке жақын отырады, сондықтан теледидардан солай көрінуі мүмкін. Жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атағы үшін өтетін бұл жекпе-жек өте бәсекелі болады деп күтемін», — деп атап өтті Данияр Елеусінов.

Беттербиев пен Бивол арасындағы реванш 2025 жылдың 22 ақпанында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. Бірінші кездесуде барлық маңызды белбеулер сарапқа салынды: Биволдың WBA және IBO белбеулері мен Бетербиевтің WBC, WBO және IBF белбеулері. 2024 жылдың қазан айында өткен 12 раундтық жекпе-жек төрешілердің көпшілік шешімімен Бетербиевтің жеңісімен аяқталған болатын.