Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Олег Болякин «Барысқа» қайта оралуы мүмкін — Шевченко

Shaiba.kz ақпаратына сүйенсек, Олег Болякин «Барыс» хоккей клубында басшылық қызметке қайта тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Алексей Шевченко өз телеграм-арнасында хабарлады.

«Нұрлан Оразбаевтың орнына «Барысты» Олег Болякин басқаратын болады», — деп жазды Шевченко.

Еске сала кетейік, Болякин өткен жылдың қазан айында клубтың бас менеджері қызметінен кеткен болатын. Ал жуырда «Барыс» Нұрлан Оразбаевтың бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады — оның жұмыстан кетуіне балалар-жасөспірімдер командаларымен байланысты жағдай себеп болған.