20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Nix»: «Dota 2» 7.38 патчіндегі ең мықты және әлсіз кейіпкерлер

«Cybersport.ru» мәліметінше, танымал стример Александр «Nix» Левин Dota 2-нің жаңа 7.38 патчындағы кейіпкерлер балансы туралы пікірімен бөлісті.

Метада ерекшеленетін кейіпкерлер:

  • «Dragon Knight» – орта жолда 6-шы минутта +40 зақым алуы оны өте қауіпті етеді.
  • Керри рөлінде: «Phantom Lancer», «Troll Warlord», «Alchemist» (соңғысы қазіргі метаға жақсы үйлеседі).
  • Офлейнерлер: «Vanguard» және «Heaven’s Halberd» жинайтын кейіпкерлер күшті.
  • «Slardar»«Bash of the Deep» өзгерістеріне қарамастан, картаның су аймақтарында тиімділігін сақтап қалды.
  • Үздік саппорттар: «Jakiro», «Shadow Shaman» (стример олардың теңгерімсіздігін атап өтті).

Әлсіреген кейіпкерлер:

  • «Morphling» – керри рөлінде әлсіз.
  • «Lina» – мүлдем ойнауға келмейді.

Қызықты ойын стилі:

  • «Crystal Maiden»орта жолда ойнай алады, бірақ жоғары шеберлік деңгейін қажет етеді.
  • «Pudge»Mask of Madness арқылы ерекше керри-жиынтықпен тиімді болуы мүмкін.
  • «Ringmaster»саппорт рөлінде жақсы.

«Егер сен шын мәнінде имба іздесең, «Dragon Knight» – сол имба. Ол жетінші деңгейде, яғни орта жолда алтыншы минутта, +40 қосымша зақым алады», – деп атап өтті Александр «Nix» Левин.

Еске сала кетейік, «Dota 2»-нің 7.38 патчы 19-ақпанда шықты. Ойынға ландшафт, криптер орналасуы, бейтарап заттар жүйесі және Рошан үңгірінің өзгерістері енгізілді.