Оқу уақыты: 1 мин

Ники Родригес Fight Pass Invitational турнирінде Виктор Хугомен кездеседі

Ники Родригес Fight Pass Invitational турнирінде Виктор Хугомен кездеседі

«UFC Fight Pass» мәліметіне сәйкес, «Fight Pass Invitational» тарихындағы ең табысты атлет — Ники Родригес 7-1  рекордымен кілемге оралады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Родригес бразилиялық Виктор Хугомен күш сынасады. Айта кетейік, Ники соңғы рет дәл осы спортшыдан жеңілген болатын. Хуго — бұрынғы әлем чемпионы және «FPI» турнирінде жеңілмеген жалғыз спортшы.

Кештің қосалқы жекпе-жегінде Ренато Кануто мен канадалық Оливер Таза кездеседі.

Турнир картасында тағы бірнеше тартысты жекпе-жектер бар:

  • Абсолютті санат: «Ники Родригес  — Виктор Хуго»
  • 77 кг: «Ренато Кануто — Оливер Таза»
  • 66 кг: «Элизабет Клэй — Брианна Сент-Мари»
  • 84 кг: «Роналдо Джуниор — Фелипе Коста»
  • 77 кг: «Энди Мурасаки — Даниэль Сатлер»
  • 59 кг: «Сара Галвао — Кассия Моура»
  • 66 кг: «Мэгги Гриндатти Лира — Хелена Кревар»
  • 84 кг: «Ахиллес Роча — Натан Хаддад»
  • 57 кг: «Алекс Энрикес — Джулия Алвес»
  • 70 кг: «Карлос Энрике — Виктор Делиберо»