Оқу уақыты: 1 мин

Ник Кириос екі жарым жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ник Кириос екі жарым жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Майами турнирінде австралиялық теннисші Ник Кириос әлемнің 101-ші ракеткасы Маккензи Макдональдты жеңді. Ойын 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Бұл — оның соңғы екі жарым жылдағы алғашқы жеңісі.

«Кортта көз жасымды әрең ұстап тұрдым. Соңғы екі жыл өте қиын болды — он екі апта бойы гипсте жүрдім, білегім қозғалмады, ал дәрігерлер тенниске ораласың ба деп күмәнданды», — деді Кириос.

Оның келесі қарсыласы Карен Хачанов болады. Кириос жеңіске жету мүмкіндігін тым жоғары бағаламаса да, күресуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ, wild card (арнайы шақырту) мүмкіндігін артық пайдаланбай, жас ойыншыларға жол бергісі келетінін жеткізді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!