Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

НХЛ Еуропадағы субтитрлерде Овечкиннің үндеуін өзгертіп берді

НХЛ-дің Еуропадағы әлеуметтік желілеріне жауапты бөлімшесі Александр Овечкиннің тарихи шайбасынан кейін жанкүйерлерге жасаған үндеуіндегі сөздерді субтитрде өзгерткен. Бұл туралы лиганың еуропалық парақшалары хабарлады.

«Вашингтон Кэпиталз» капитаны «Айлендерске» қарсы матчта 895-ші шайбасын соғып, Уэйн Гретцкидің тарихи рекордын артта қалдырғаннан кейін, жанкүйерлер алдында сөз сөйлеп:

«Әлем бойынша барлық жанкүйерлер, орыстар. Біз мұны жасадық!» — деген еді.

Алайда НХЛ-дің еуропалық парақшасында жарияланған бейнежазбада «russians» сөзі субтитрде «watching» деп өзгертілген. Яғни, сөйлем: «Әлем бойынша барлық жанкүйерлер, көріп отырғандар. Біз мұны жасадық!» деп берілген.

Сол уақытта лиганың негізгі аккаунты бұл видеоны субтитрсіз жариялаған.

Бұл өзгеріс жанкүйерлер арасында түрлі пікір туғызды — кейбірі лиганы саяси шектеуден аулақ болуға шақырса, енді бірі мұндай шешімді қолдады. Овечкиннің өзі бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.