06.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Неймар 12 жылдан кейін «Сантосқа» оралып, алғашқы ойынын өткізді

BBC Sport хабарлауынш, бразилиялық шабуылшы Неймар да Силва Сантос Жуниор 12 жылдан кейін алғаш рет «Сантос» құрамында алаңға шықты. Бұл «Ботафогомен» болған ойында (1:1 есебімен аяқталды) орын алды.

33 жастағы футболшы (Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубынан ауысқан) үзілістен кейін командасы 1:0 есебімен алда болған кезде алаңға шықты. Жарақаттан ұзақ қалпына келуіне қарамастан ойыншы жақсы футбол көрсетті дегенмен қарсылас есепті теңестірді.

«Мен Сантосты жақсы көремін. Бұл алаңға қайта шыққанда не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын» — деді Неймар. «Маған көбірек ойын уақыты керек: мен әлі 100 пайызға дайын емеспін бірақ бүгін осынша көп жүгіріп дриблинг жасай алатынымды күтпеген едім. Ойлаймын 4-5 ойыннан кейін өзімді жақсырақ сезінемін».

Соңғы ысқырықтан кейін «Ботафогоның» көптеген ойыншылары мен қызметкерлері Бразилия құрамасының бұрынғы капитанымен суретке түсу үшін жақындады. «Сантостағы» алғашқы кезеңінде Неймар 2011 жылғы Либертадорес Кубогын қоса алғанда 6 трофей жеңіп алды; 225 матчта 136 гол соқты. Клубтан кеткеннен кейін ол футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды — оның «Барселонадан» «ПСЖ-ға» трансфері 200 миллион фунтты құрады.

Бразилия футболының аңызы Пеленің бұрынғы клубы «Сантос» 111 жылдық тарихында алғаш рет 2023 жылы жоғары дивизионнан түсіп қалды бірақ B Сериясын жеңіп бірден қайта оралды.