18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Назым Қызайбай Қазақстаннан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Жеңістен кейін спортшы өз әсерімен бөлісті:

«Мен өте бақыттымын. Париж Олимпиадасынан кейін Президентке тағы да медальдар жеңіп алғым келетінін айттым. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін көп жыл еңбек еттім. Бұл тек менің ғана емес, бүкіл командамыздың жетістігі».

Бұл жеңіс қазақ боксы үшін тарихи оқиға болды. Қызайбай әлем чемпионатында үш рет алтын медаль иеленген алғашқы қазақстандық боксшы атанды. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.