11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының басталуына пікір білдірді

Екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

«Сербияда әлем чемпионаты басталды, жеребе тарту рәсімі өтті. Біздің командамыз жарысқа кірісті, қалған қыздар да дайындықтарын жалғастырып, жеңіс үшін тер төгуде. Біз бәріміз көп еңбектендік және жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Әрбір қазақстандық спортшы жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшін салады», – деп жазды Назым әлеуметтік желіде.

Әлем чемпионаты 9-20 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтуде.