Оқу уақыты: 1 мин

Наталья Богданова Сербиядағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Наталья Богданова Сербиядағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Азияның қазіргі чемпионы Наталья Богданова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

70 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық кездесуде қазақстандық спортшы — жергілікті өкіл Милена Матовичті 4:3 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Богдановаға әлем біріншілігінің ең кемі қола жүлдесін қамтамасыз етті. Қазақстандық спортшының еншісінде 2022 жылы жеңіп алған Азия ойындарының қола медалі де бар.

Айта кетейік, оның қарсыласы Милена Матович Сербияның сегіз дүркін чемпионы — өткен жылы ол Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.