27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

МЮ қорғаушысы «Ипсвичпен» ойында өрескел қате жіберді

«Олд Траффорд» стадионында қорғаушы Патрик Доргу «Манчестер Юнайтедтің» «Ипсвичке» қарсы ойынында өз қақпасына жылдам гол жіберіп алды.

Ойынның 4-ші минутында қонақтар тарапынан алысқа лақтырылған доптан кейін Доргу манкуниандықтардың айып алаңына қарай допты бақылап, қақпашы Андре Онанаға пас беруді шешті. Алайда оның дәлсіз берген пасынан кейін доп қақпашыдан өтіп кетті.

«Ипсвич» жартылай қорғаушысы Джейден Филоджин-Байдейс бұл қателікті пайдаланып, үй иелерінің бос қақпасына кедергісіз гол соқты.