Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«MOUZ» ойыншысы «Vitality» мен «Spirit»-ті үздік командалар деп санайды

«MOUZ» командасының ойыншысы Лотан «Spinx» Гилади Counter-Strike 2 кәсіби сахнасындағы қазіргі жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды HLTV.org.

«Бұрынғы командаға қарсы ойнау, әрине, оңай емес – «Vitality» құрамының төрт ойыншысы өзгерген жоқ. Менің ойымша, қазіргі таңда «Vitality» мен «Spirit» – ең үздік командалар, ал қалғандары олардан сәл артта қалып отыр. Біз сол матчтан көп нәрсе үйрене аламыз», – деді Гилади.

Оның айтуынша, «MOUZ» ESL Pro League Season 21 турнирінің топтық кезеңінде «Vitality»-ге қарсы ойында жақсырақ өнер көрсете алар еді.

ESL Pro League Season 21 жарысы 1-16 наурыз аралығында Стокгольмде өтуде. Командалар 400 мың доллар жүлде қоры үшін бақ сынауда.