Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мохамед Салах «Ливерпульмен» жаңа келісімшартқа отырды

«Ливерпульдің» ресми сайты хабарлағандай, клуб Мохамед Салахпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім екі жылға есептелген.

Мысырлық шабуылшы мерсисайдтықтар сапына 2017 жылы «Ромадан» ауысып келген. Осы уақыт аралығында Салах «Ливерпульмен» бірге жеті трофей жеңіп алды, оның ішінде Англия Премьер-лигасының чемпиондығы мен Чемпиондар лигасындағы жеңіс бар.

Қазіргі маусымда 32 жастағы футболшы тамаша өнер көрсетуде: Премьер-лигада 31 матч өткізіп, 27 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.