12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мирра Андреева Индиан-Уэллсте Елена Рыбакинаны сенімді жеңді

«Чемпионат» порталының хабарлауынша, Мирра Андреева Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалында Елена Рыбакинаны сенімді түрде жеңді.

Бұл теннисшілердің үшінші кездесуі болды. Бұған дейінгі матчтардың бірінде Пекинде Рыбакина жеңіске жетсе, жақында Дубайда Андреева басым болған еді.

Матч алдында ресейлік спортшы:

«Оңай болмайды. Мен оны Дубайда үш сетте жеңдім. Ол бұл турнирде бұрын жеңіске жеткен және өзін жақсы сезінеді. Қатты подача жасап, мықты соққыларға барады. Бұл жолы кім мықты екенін көреміз», – деп пікір білдірген еді.

Бірінші сетте Рыбакина алғашқы геймді алса да, Андреева ойын тізгінін өз қолына алып, 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте де сенімді ойнап, матчты 6:2 есебімен аяқтады.

Матч статистикасы да Андрееваның басымдығын көрсетті:

— Ол 10 белсенді ұпай жинап, 9 рет қателесті
— Рыбакина бар болғаны 2 ұпай алып, 17 рет қате жіберді