28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мин «Gooseman» Ли: Азия геймерлері «Counter-Strike»-те өздерін көрсетілмегендей сезінеді

Аңызға айналған «Counter-Strike» ойынының бірлескен авторы Мин «Gooseman» Ли X әлеуметтік желісінде ойынның азиялық аудитория арасында аса танымал еместігі туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша, азиялық ойыншылар Counter-Strike әлемінде өздерін жеткілікті деңгейде көрсетілмегендей сезінеді. Valve осыны ескеріп, шабуыл және қорғаныс жағында азиялық кейіпкерлер модельдерін қосу мүмкіндігін қарастыруы керек. Бір қызығы, мен өзім CS жасаумен айналысқан кезде, бұл туралы мүлде ойламаппын. Қалай ғана есіме түспеген?! Мәссаған…» – деп жазды Мин Ли.

Кейіпкерлер модельдерін қайтару туралы сұраққа «Valve әзірлеушілері қазіргі модельдерді жаңартып, агенттерді карталарға байланыстыруды жоспарлап отыр» деп жауап берді. Сонымен қатар, ол бастапқы кейіпкерлерді қайтармау «күпірлік» болатынын атап өтті.

Мин Ли әділетсіз ойыншылар мәселесіне де тоқталып, оны «вируспен үздіксіз күреске» теңеді:

«Бұл біз толығымен түзете алмайтын нәрсе. Бұл вирус сияқты – біз әрдайым антивирусты жаңартып отыруымыз керек.»