Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Манчестерлік дербиден кейін Джек Грилишке шабуыл жасалды

Daily Mail хабарлауынша, манчестерлік дербидегі голсыз тең ойыннан кейін «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Джек Грилиш жанкүйер тарапынан шабуылға ұшырады.

Оқиға «Олд Траффорд» стадионында, трибуна астындағы бөлмеге кіреберісте болған. «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері 29 жастағы футболшыны өзіне шақырып, сөзге келіп, ұрып жіберген.

Матч барысында «Юнайтед» жанкүйерлері тағы бір лайықсыз әрекетке барған — трибунадан Филип Фоден мен оның анасына қарсы қорлайтын ұрандар айтылған.

Полиция өкілі мәлімдеді:

«20 жастағы Альфи Холт шабуыл жасады деген айыппен сотталады. Ол Манчестер магистраттық сотының алдына шығарылады. Айып — «Олд Траффордта» кеше болған оқиғаға байланысты».

«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола Фоден отбасыны қорлауға қатысты пікір білдірді:

«Олардың тәрбиесі жетіспейді, ұялулары керек. Әлемдік футболдың көрнекті тұлғалары осындай қорғансыз».

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!