14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Еуропа лигасы матчында симуляция жасағанын мойындады

«Манчестер Юнайтед» пен «Реал Сосьедад» арасындағы Еуропа лигасының матчында әділ ойынның таңғаларлық оқиғасы орын алды — Патрик Доргу өз пайдасына тағайындалған пенальтиді өзі жокқа шығарды.

«Манчестер Юнайтед» 2:1 есебімен алда болған кезде, төреші Доргу мен Хамари Траоре арасындағы қақтығыстан кейін он бір метрлік соққы тағайындады — бірақ ойыншының өзі төрешіге ереже бұзылмағанын ымдап көрсетті. VAR жүйесі футболшының дұрыстығын растады.

«Бұл дұрыс шешім. Мен онымен мақтанамын, бірақ есеп 0:0 болғанда осындай шешім қабылданар ма еді, білмеймін», — деді МЮ бас бапкері Рубен Аморим.

Футбол тарихында осындай әділ ойын жағдайлары аз емес:

  • 1997 жылы Робби Фаулер төрешіні «Арсеналдың» қақпасына пенальти тағайындамауға көндірді
  • Арсен Венгер 1999 жылы даулы голдан кейін «Шеффилд Юнайтедпен» матчты қайта ойнауды ұсынды
  • Паоло Ди Канио 2000 жылы «Эвертон» қақпашысы жарақат алған кезде бос қақпаға соққы жасаудың орнына допты қолымен ұстап қалды
  • Лестер 2007 жылы Лига Кубогының қайта ойынының басында «Ноттингем Форестке» гол соғуға мүмкіндік берді
  • Мирослав Клозе 2012 жылы «Лацио» сапында қолмен ойнағанын мойындап, өз голін жойды