18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Юнайтед» маусымдық абонемент бағасын көтереді

«Манчестер Юнайтед» клуб басшылығы 2025/26 маусымында үйдегі ойындарға маусымдық абонемент бағасын шамамен 5%-ға көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Бір ойынға орташа баға 2,50 фунтқа өседі, бірақ 16 жасқа дейінгі жанкүйерлер үшін баға өзгермейді.

«Біз бағаның көтеріуі жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық емес екенін түсінеміз, әсіресе команда жақсы нәтиже көрсетпей тұрған кезде. Дегенмен клубтың шығындары өсіп жатқандықтан, бұл қадамға бару қажет болды», – деді атқарушы директор Омар Беррада.

Клуб бағаның көтерігеніне қарамастан, ол Солтүстік-Батыс Англиядағы басқа командалармен бір деңгейде екенін және инфляцияны ескергенде, он жыл бұрынғыдан әлдеқайда төмен екенін атап өтті.