26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Юнайтед» Азияға маусымнан кейінгі тур өткізеді

BBC мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» Премьер-лига аяқталған соң Малайзия мен Гонконгта екі матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл клубтың аталған аймақтарға он жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы сапары болмақ.

Финансылық қиындықтарға байланысты мұндай турлер маңызды табыс көзі саналады. Клуб соңғы 5 жылда 300 миллион фунт шығынға ұшыраған.

Команданың алдағы айларға кестесі өте тығыз:

  • Англия Кубогының финалы – 17 мамыр
  • Еуропа Лигасының финалы – 21 мамыр
  • АПЛ-дің соңғы туры – 25 мамыр
  • Чемпиондар Лигасының финалы – 31 мамыр
  • Халықаралық матчтар – 2-10 маусым
  • Клубтық әлем чемпионаты – 15 маусым — 13 шілде

Бас бапкер Рубен Аморим команданың қаржылық тұрақтылық үшін табыс әкелуге жауапты екенін атап өтті. Сонымен қатар, клуб 200-ге жуық қызметкерді қысқарту туралы шешім қабылдады.