25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Сити» сәтсіз маусымнан кейін құрамын түбегейлі жаңартуға дайындалуда

Goal.com мәліметі бойынша Англияның қазіргі чемпионы қиын жағдайға тап болды. Пеп Гвардиоланың басшылығындағы «Манчестер Сити» ең күрделі кезеңдердің бірін бастан кешуде.

2024/25 маусымында 26 ойын өткізген соң «қалалықтар» турнир кестесінде тек төртінші орынды иеленіп отыр (бұл қазіргі чемпиондар үшін күтпеген нәтиже). Көш бастап тұрған «Ливерпульден» қалып қоюы 20 ұпайды құрайды.

Жағдайды команданың Лига кубогы мен Чемпиондар Лигасынан шығып қалуы. Клуб үшін екі маңызды турнирден қол үзуі одан сайын күрделендіріп отыр.

Қанағаттанғысыз нәтижелер клуб басшылығы мен Пеп Гвардиоланы шешуші әрекеттерге итермеледі. Құрамды жаңарту үдерісі қысқы трансфер терезесінде басталған болатын.

Қаңтар айында клуб бірнеше перспективалы ойыншыларды сатып алды:

  • Омар Мармушты
  • Витор Рейсті
  • Абдуқодир Хусановты

Атап өтерлігі өзбек қорғаушысы Абдуқодир Хусанов жаңа командада өзін көрсетіп үлгерді. Оның еншісінде 5 ойын мен бір соғылған доп бар.