«РБ Спорт» хабарлауынша, Гагарин кубогының екі дүркін жеңімпазы Алексей Потапов Челябі «Тракторының» шабуылшысы Максим Шабановтың Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) келешегі туралы пікір білдірді.
24 жастағы шабуылшы биылғы маусымда КХЛ-дегі көшбасшылардың бірі атанды — ол 64 ойында 67 ұпай жинады. Қазіргі таңда Шабанов НХЛ-де шектеусіз еркін агент мәртебесіне ие.
«Менің білуімше, ол міндетті түрде НХЛ-ге барады. Челябіліктер қазір осы мүмкіндікті пайдаланып, команданың әлеуетін барынша көрсетуі керек», — деді Потапов.
Сарапшы Шабанов үшін ең қолайлы клуб «Нью-Йорк Айлендерс» болуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, бұл команда шабуылшыға қажетті ойын уақытын беруге қабілетті және стилі оған сәйкес келеді.
«Мен олардың ойындарын да, құрамын да қарадым. «Айлендерстің» ойыны оған қолайлы. «Сан-Хосені» де бақыладым, бірақ олардың стилі Шабановқа келмейді», — деп түсіндірді маман.
Потапов сонымен қатар хоккейшінің тұйық мінезі НХЛ-дегі мансабына кедергі болмайтынын, бірақ америкалық баспасөзбен жұмыс істеу үшін белгілі бір бейімделу қажет болатынын атап өтті.