Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Магомед Адиев ресми түрде «Химки» клубының бас бапкері атанды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Мәскеу маңындағы «Химки» клубының тізгінін ұстады. Бұл туралы алғаш болып «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы хабарлады.

«Магомед Адиев — «Химки» футбол клубының жаңа бас бапкері. Қазақстан құрамасымен жұмыс істеген тәжірибелі маман Мәскеу облысының командасымен келісімшартқа қол қойды. Ақпарат тікелей дереккөзден алынды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Адиевтің «Атырау» клубымен келіссөздер жүргізгені айтылған еді. Алайда маман Ресей чемпионатына оралуды жөн көрді.

Қазіргі таңда «Химки» Ресей Премьер-лигасында 24 турдан кейін 23 ұпаймен 12-орында келеді. Команда маусым соңына дейін құлдырау аймағынан алыстау үшін күресіп жатыр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!